USD
USD
USD

Үкімет басшысы: Ревакцинацияға екпе қоры жеткілікті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавиурсқа қарсы қайта вакциналау шаралары бойынша тапсырмалар берді.

Үкімет басшысы: Ревакцинацияға екпе қоры жеткілікті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Корорнавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды тәсілі вакциналау. Сондықтан оның қарқынын одан әрі ұлғайту керек. Бүгінде бірінші компонентті 8,7 млн адам салдырды. Бұл – 18 жастан асқан тұрғындардың 76 пайызы. Екінші компонентті шамамен сегіз миллион адам алды. Бұл вакцина алуға жататын халықтың 70 пайызына жуық», – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакциналау деңгейі қажетті контингенттің 99 пайызынан асқан.

«Кеше өңірлердің бәрінде коронавирус бойынша қайта вакцинациялау басталды. Ол үшін вакцина қоры жеткілікті. Вакциналарды сақтау мен тасымалдау режимін сақтау аса маңызды. Әкімдерге аталған мәселелерді жеке бақылауда ұстауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, жалпы бақылау өзіңізде», – деді Асқар Мамин оған қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ жиында Үкімет басшысы шекара маңындағы өңірлерде эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы