USD
USD
USD

Үкімет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесті.

Үкімет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің Telegram парақшасы таратқан мәліметке сенсек, б асқосуда ҚР мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты өзара ынтымақтастығының перспективасы талқыланды. Биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығының 30 жылдығын атап өтеді.

«Серіктестігіміздің отыз жылдығы ішінде біз шағын және орта бизнес, қаржы, ТКШ, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялармен қатар экономиканың түрлі салаларында барлығы 55-тен астам жобаны сәтті іске асырдық», — деді Ә. Смайылов.

Бірлескен инфрақұрылымды дамыту жобалары бойынша «Достық – Мойынты» жол учаскесін салу жобасы талқылануда. Қазіргі уақытта жол құрылысы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске асырылуда.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық