USD
USD
USD

Үкімет әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауы мүмкін

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәселе әлеуметтік кодекс аясында сараланатынын айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елде 2 млн-нан аса адам зейнет жасында. Экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, елдегі әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 67-77 жыл болса, еркектер 67-68 жыл жасайды. Ал 1998 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан азаматтар зейнетақы шотын  өздері толтыруы тиіс. Есептей келе олардың көп қаржы жинай алмайтыны белгілі болды. Қорды толтыруға мүмкіндік ретінде зейнет жасын ұзарту қажет болған. Сапарбай Жобаев биылғы бюджет 18 трлн теңге дейді. Оның 4-5 трлн-ы ұлттық қордың ақшасы. Міне, осы қазынаның 2-3 трлн теңгесі зейнетақыға жұмсалады.

Сарапшы «әйелдердің зейнет жасын ұлғайтпаған кезде қазіргі шығын 4 трлн теңгеден асып кетер еді»,- дейді.

– Жасты бұрынғыдай 58-ге қайтаратын болсақ, бүгінгі күнде Қазақстандағы ең кіші кепілдендірілген 19 мыңдық зейнетақы алып жатқан адамдар бар. Олардікін біз не 15 мыңға түсіруіміз керек пе? Олардікін еш болмаса, минималды себетке, 36 мыңға көтеру мақсатын көтеріп жатырмыз. 36 мыңға көтеретін болсақ, ұлттық қордан бүгінгі күндегідей 4-5 трлн, 6-7 трлн алып, ұлттық қордағы ақшаны 5-6 жылда ада қылуымыз керек. Осыған шешім қабылдайсыздар ма? Осы мәселені өте үлкен, асықпастан шешуіміз керек, - деді экономист Сапарбай Жобаев. 

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park