USD
USD
USD

Уимблдон турнирінде қос қазақстандық теннисші өзара кездеседі

Лондонда Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды.

Уимблдон турнирінде қос қазақстандық теннисші өзара кездеседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, бұл - биылғы «Үлкен дулыға» жарысының үшіншісі. Уимблдон додасы өткен жылы пандемияға байланысты өтпей қалған болатын. Турнирдің 2019 жылғы чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джокович алғашқы айналымда ұлыбританиялық Джек Дрэйпермен күш сынасады.

Әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев германиялық Ян-Леннард Штруфф, швейцариялық Роджер Федерер франциялық Адриан Маннариномен кездеседі. Әлемнің 3-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас америкалық Фрэнсис Тиафо, жарыста төртінші болып тіркелген германиялық Александр Зверев ұлыбританиялық Таллон Грикспурмен кортқа шығады. Жеребеге сәйкес қазақстандықтар Александр Бублик пен Михаил Кукушкин өзара ойнайтын болды.

Осы аптада қос қазақстандық Истбурн турнирінің алғашқы айналымында жолдары тоқайласып, онда Александр Бублик жеңген еді.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors