USD
USD
USD

Уилл Смит «Оскар» марапаттау рәсімдерінен шеттетілді

Америка киноакадемиясы Уилл Смитке он жыл бойы «Оскар» марапаттау рәсіміне және осы ұйымның басқа да шараларына қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды ВВС агенттігі. 

Уилл Смит «Оскар»  марапаттау рәсімдерінен шеттетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша актер 2022 жылғы Оскар марапаттау рәсімінде төбелескені үшін жазаланды. Ол орнынан тұрып, комик Крис Роктың бетінен ұрып, кейін оған былапыт сөздер айтқан болатын.

Смитке үкім кино академиясының виртуалды отырысында шығарылды, онда танымал Голливуд актеріне қандай жаза қолданылатыны талқыланды.

Смит өз әрекеті үшін кешірім сұрады, алайда бұл жеткіліксіз болды.

Академия мәлімдемесінде биылғы марапаттау рәсіміне Смиттің сахнадағы қауіпті әрекеті көлеңке түсіргені айтылады. Смиттің шеттеттілу мерзімі 2022 жылдың 8 сәуірінен басталады.

Бұған дейін Смит осы оқиғаға байланысты академия құрамынан кететінін мәлімдеген болатын. Ол «киноакадемияның сенімін ақтамағанын», өз әрекеті үшін қайғыратынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді

Қаржыгерлер доллардың 458,37 теңгеге дейін арзандау себебін түсіндірді

доллар бағамы

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды

жаңа туған сәби табылды