Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Уилл Смит кинематографиялық өнер және ғылым академиясынан шығады

«Оскар» жүлдесін тапсыру салтанатында жүргізуші Крис Рокты ұрып жіберген Уилл Смит Америка кинематографиялық өнер және ғылым академиясынан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN. 

Уилл Смит кинематографиялық өнер және ғылым академиясынан шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Бұл келеңсіздіктен кейін аталған ұйым актердің тәртібі қаралатынын жариялаған болатын. «Смит Академияның тәртіп стандарттарын бұзды. Біз оның мәселесін 18 сәуірге жоспарланған директорлар кеңесі отырысында қараймыз», - деген еді Академия президенті Дэвид Рубин.

Мұнан соң актер ұйым құрамынан өз еркімен шығатынын және басқарма қабылдаған кез келген шешімді қабылдайтынын мәлім етті. «Оскардың» 94-салтанатындағы қылығым жаға ұстатарлық болды. Кешірілмейтін жайт. Крисқа ғана емес, оның отбасына, менің көптеген достарым мен жақындарыма, салтанатқа жиналғандарға – ауқымды аудиторияға ауыр тиді. Академияның сенімін ақтамадым. Жетістіктерімен көзге түскен өзге номинанттардың мерекелік көңіл күйін бұздым», - дейді ол.

Айта кетейік, Уилл Смит жүргізуші тарапынан әйеліне қатысты айтылған әзілге ашуланған болатын. Алопеция ауруына шалдыққан Джада Пинкетт-Смит шашы түсіп қалғандықтан, басын тақырлап тастауға мәжбүр болған

У.Смит киножұлдыздар, режиссерлер мен продюсерлердің басын біріктірген танымал ұйымнан шығатын болса, ол «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер мен спектакльдерге дауыс бере алмайды. Алайда, оның жұмыстары жүлдеге ұсынылатын тізімнен шеттетілмейді.

Қазір оқып жатыр

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ