USD
USD
USD

Үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр

Ақтөбеде мониторинг топ үйлену тойы мен сауық кешін тоқтатып, шақырылған қонақтарды таратты.

Үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы бойынша мониторинг топтар мен жергілікті полиция қызметінен түскен материалдар негізінде 86 миллион теңгеге 854 айыппұл салынды. Оның ішінде карантин шектеуін бұзған қоғамдық тамақтану орындары 31 миллион теңге айыппұл төледі. 16-19 қыркүйек аралығында мониторингтік топтардың рейдтік іс-шаралары барысында 20 карантин режимін бұзу фактісі анықталды

. «Колизей», «Екі Жүрек», «Гранд Холл», «Алаша» мейрамханаларында салтанатты шара, сонымен қатар Green Land демалыс базасында Forty Four түнгі клубының ұйымдастыруымен сауық кеші болып жатқаны анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен салтанатты іс-шаралар тоқтатып, таратты. Барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді. Шектеу іс-шараларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы мониторинг топ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты