USD
USD
USD

Үйінен қашып кеткен мүгедек бала табылды

Алматы облысының полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында төрт күн бұрын із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған жеткіншекті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйінен қашып кеткен мүгедек бала табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 16 жастағы жігіттің анасы ұлы жоғалып кеткеннен кейін бірден полицияға оның мүгедектігі барлығын және медициналық есепте тұратындығы айтып жүгінген. Дабыл бойынша көтерілген қызметкерлер, ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп, ауқымды іздеу жұмыстарын бастаған. Хабарсыз кеткен баланың фотосуреті бар бағдарлар жақын маңда орналасқан барлық полиция бөлімшелеріне жіберілген. “Іздеу кәмелетке толмаған баланың анасы ескерткен оның психикалық жай-күйіне сай жүргізілді. Тұрғылықты Қайназар кентін толығымен шолып шыққан қызметкерлер волонтерлермен бірлесе отырып, іздеу шараларын көрші елді мекендерде де жалғастырды. Нәтижесінде, төртінші тәулікте біз көрші Қарасай ауданында орналасқан Шамалған ауылынан кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтадық. Бала бірден аудандық бөлімге жеткізіліп, анасына тапсырылды”, – деп хабарлайды Жамбыл аудандық полиция басшысы Асхат Тегенбаев. Кәмелетке толмаған жеткіншектің ішінара үйден қашып кететіндігі анықталды. Оның мүгедектігін ескере отырып, жалғыз басты жасөспірімнің анасына ауызша ескерту жасалды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер