USD
USD
USD

Үйіне ұрлыққа түскен ұрыны тұрғын полицияға тапсырды

Алматы, NEGE. 

Үйіне ұрлыққа түскен ұрыны тұрғын полицияға тапсырды
Фото: NEGE.kz

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасамақ болған күдікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
үркістан қалалық ПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Онда өзінің тұрғылықты үйінен танысы үш дана пойыз тежегішінің құрылғысын ұрлап кетіп бара жатқан кезде ұстап алғанын көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары аталған мекен-жайға жедел жетіп, күдіктіні оқиға орнынан ұстады. Содан соң полицейлер ұрлық жасамақ болған азаматты полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында құқық бұзушы арыз білдіруші азаматпен бірге спирттік ішімдік ішіп, мас халде темір ұрламақ болғанын мойындап, өкінішін жеткізді. Бас шарасы келу туралы міндеттемемен босатылды.

 Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабар беріңіздер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері