Үйінділерден тазартылған Түркияның Хатай қаласы қаңырап қалды
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірлер үйінділерден тазаланғаннан кейін көп бөлігі қаңырап қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта қираған аймақтар тазаланып болып қалды. Бұрын тұрғынүй, ғимарат пен нысандар тұрған орындарда ештеңе жоқ.
Хатай провинциясының Антакья және Дефне аудандарындағы 56 шағынауданда үйінділерді көшіру және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қоқысты тазалап жатқан бригадалар, оны жүк көліктеріне тиеп, соған арналған орындарға шығарып тастап жатыр. Кейбір азаматтар әлі бұрынғы үйлері тұрған орынға барып, жеке заттарын табудан үміттеніп жүр.
Қалада 10 000 қираған бөлікті тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол жақтан күнде шамамен 300 000 рейс қоқысқа шығарылады.
Жергілікті билік Хатай провинциясындағы Антакья ауданында көптеген қираған үйлерді көшіру туралы шешім қабылдағаннан кейін, көшірілген орындар босап қалды. Мыңдаған адам тұрған, қаланың қарбалас орталығы болған орындар қирандылар үйілген бос аймаққа айналды.
Қазіргі уақытта қираған ғимараттардың техникалық жағдайы мен нормалардың сақталуына жауапты 300 адам тұтқындалды.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады