Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үйінде кісі өлтірілді деп қалжыңдаған әйел айыппұл төлейтін болды

Петропавлда 48 жастағы әйел арнайы қызметтерді жалған хабармен шақырғаны үшін 80 мың теңге айыппұл төлемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Үйінде кісі өлтірілді деп қалжыңдаған әйел айыппұл төлейтін болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 48 жастағы қала тұрғыны «102» нөміріне хабарласып, өз үйінде кісі өлтірілгенін айтқан. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жөнелтілді. Алайда жолда олар ақпарат расталмағандықтан кері қайтты. «Әйел бізге қайта хабарласып, кісі өлімінің болмағанын, оның өтірік екенін айтты. Көрсетілген мекенжайға учаскелік полиция инспекторы жіберілді», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының екінші бөлім бастығы Руслан Сыздықов. Учаскелік полиция қызметкері келгенде пәтерде мас әйелден басқа екі ер адам болған. Үй иесі адам өлімі жайында полицияға жалған хабар беріп, әзілдемек болыпты. Оның наурыз айында да осылайша орынсыз «әзілдегені» анықталды. Сол жолы жазаға тартылса да, одан сабақ алмаған сыңайлы. Енді ол 80 мың теңге айыппұл төлемек. СҚО-да жыл басынан арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру бойынша 327 дерек тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі