USD
USD
USD

Үйінде есірткі өндірген алматылық ұсталды

Өз үйінде есірткі өндірісін құрған 36 жастағы алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйінде есірткі өндірген алматылық ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есірткі зертханасы Алматының Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінде өз жұмысын бастады. Оны жергілікті тұрғын – Д.есімді ер адам «басқарды».

«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде күдікті ЕҚқКБ қызметкерлерімен ұсталды. Оның үйінің ауласында ерекше иісі бар жасыл өсімдік заттары, шыны ыдыстар мен қара түсті қабаты бар металл зат, шыны банкадағы ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттар, 30 дана мөлшерінде иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар марихуана есірткісі болып табылады, кептірілген және кептірілмеген түрінде, жалпы салмағы 4 келіден асады», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Ұсталған адам бұл өсімдікті өзінің қажеттілігі үшін өсіргенін айтып, ақтала бастады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов