USD
USD
USD

Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алған

 Қызметін пайдаланып, пайдаға кенелмек болған Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алды деген айыппен ұсталды.

Ұйғыр және Шиелі аудандық сотының судьялары пара алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұйғыр аудандық сотының судьясына қатысты аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алу күдігіне ілінді», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Nege.kz порталы бұл туралы жазған болатын.

Агенттік өкілі сол секілді Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуге тартылғанын мәлім етті. «Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша қасақана әділетсіз үкім шығару күдігіне ілінді. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті