USD
USD
USD

Ұйғыр ауданындағы үйлену тойы адам өлімімен аяқталды

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шарын ауылында болған үйлену тойының соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Ұйғыр ауданындағы үйлену тойы адам өлімімен аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тойға келген қонақтардың арасында болған төбелес адам өлімімен аяқталды. Оқиға 12 желтоқсан күні түнде болған.

Тойға келген қонақтар арасында ерегіс болып, алкогольдік ішімдік ішкен біреуі екіншісінің жүрек тұсына пышақ сұғып алған. Алған жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

«26 жастағы азамат тойда болған ерегісті көріп, ол дереу қалтасындағы пышақты шығарып, ұрысып жатқандардың арасына түскен. Жәбірленуші оны тоқтатпақ болғанда жігіт оның кеудесіне пышақ сұғып алған. Қазір күдікті ұсталып, жасаған іс-әрекетін толық мойындады», — делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті пышақты үнемі өзімен бірге алып жүрген екен. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу аяқталғанға дейін ол 2 ай қамауда болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе