USD
USD
USD

Ұйғыр ауданында көлік апатынан 5 адам мерт болды

Алматы облысында көлік апатынан 5 адам мерт болды. Қайғылы жағдай Ұйғыр ауданындағы «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолында болған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Ұйғыр ауданында көлік апатынан 5 адам мерт болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Оқиға бүгін сағат 10:25 шамасында «Шоңжы-Ақсу-Ұзынтам» жолының 3-ші шақырымында болған.

«Алдын ала болжам бойынша «Audi» және «Nissan» көліктері соқтығысқан. Салдарынан екі көлік те отқа оранған. Екі транспорттың да жүргізушісі мен «Nissan» көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Шонжыдағы ауруханаға жеткізілді. Ол жерде екі адам көз жұмды. Ал 5 жастағы бала жансақтау бөлімінде жатыр» - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси