USD
USD
USD

Үйдің кіреберісінен қашып шыққан тонаушы полицейлердің қолына түсті

Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйдің кіреберісінен қашып шыққан тонаушы полицейлердің қолына түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген.

Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті. Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған. 

Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді. Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды. Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта “Тонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
 

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік