Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастар дәріні тегін алады

Өкпесі қабынғанымен ауруханаға жатпаған науқастар дәріні тегін алуы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

Үйде емделіп жатқан пневмониясы бар науқастар дәріні тегін алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қолданыстағы тізімге сәйкес, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар ЖРВИ, тыныс алу жолдарының өткір аурулары, ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде, ал ересек адамдар ауруханадан тыс өкпе қабынуы кезінде тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Бұл дәрі-дәрмектерді учаскелік дәрігер жазып береді және ол бақылаушы орган қанша препарат, кімге жазылып берілгенін көріп отыруы үшін ақпараттық жүйе арқылы өтеді», - деді вице-министр.

Людмила Бюрабекованың айтуынша, бүгінде еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты барлық өңірде мұндай дәрі-дәрмекті учаскелік медбикелердің үйге жеткізіп беруі ұйымдастырылған.

«Бұл препараттарды мобильді бригадалардың да жеткізіп беруі жоспарланған. Дәрігер тегін қамтамасыз етілетін мұндай препараттарды жазып бергенімен, пациент дәріханадан барып алатын жайттар болып жатса, онда мұндай фактілерді бізге хабарлауды өтінеміз. Шара қолданатын боламыз», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада ер адам темекі тұтатқан сіріңкесін лақтырып, тұрақта тұрған көлікті өртеп жіберген

Көлік өрті

Блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатыр

Қайсар Қамза

FIFA 4,2 млрд долларлық жобаға байланысты кешірім сұрады

Джанни Инфантино

Теледебат кезінде депутаттыққа кандидатқа Ленин туралы сұрақ қойылды

Бейбіт Құсайынов