11 Мамыр 18:14
...

UIB университетінде МВА бағдарламасының тұсаукесері өтті

Фото:

6 мамырда UIB университетінде MBA білім беру бағдарламасының тұсаукесуі өтті. Бұл – Қазақстанның жоғарғы білім беру жүйесіндегі маңызды жаңалық. UIB әрдайым заманауи әрі креативті білім берудегі қадам жасушылардың ордасы атымен танымал.

UIB-де өткізілетін MBA бағдарламасы бойынша білім ала отырып, тыңдаушылар нақты бизнес-міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа әдістер мен әдіснамалар туралы білетін болады.

Заманауи экономикалық жағдайларда бизнесті дұрыс басқару – оның қызметінің бағытына қарамастан кез келген кәсіпорынның табысты дамуы мен өркендеуінің шешуші факторы. Сондықтан, бүгінгі күні бизнес иелері өз компаниясын басқаруды тек алған білікті мамандарға ғана сенуді жөн санайтыны таңқаларлық емес.

Бизнес – қызықты, бірақ қауіпті мансаптық қадам. Табысқа жету мүмкіндігін арттыру үшін осы тиімді MBA білім беру бағдарламасын өту арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйренген дұрыс.

Өсу немесе баяулау сатысында тұрған кәсіпкер мен оның компаниясына өсімді жалғастыру, дамудың жаңа сатысына көшу үшін арнайы білім қажет. Бизнес саласындағы оқу бағдарламалары туралы сөз болғанда, бірден MBA еске түседі. MBA – орта және жоғары деңгейдегі менеджерлерді, кәсіпкерлерді басқару бойынша оқыту бағдарламасы. Ол жерде:

• компания ішінде немесе еңбек нарығында өз позицияларын нығайту

• мансаптық өсім

• компанияда бизнес-процестердің реинжинирингін жүргізу

• Менеджмент, Қаржы, Маркетинг, жобаларды басқару және т. б. салалардағы білімді жүйелеу.

• өзінің кәсіби және жеке дағдыларын дамыту

– және т.б. дағдыларға үйретіледі.

Бағдарлама К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) мамандары мен Damu Business Group қолдауымен жүзеге асуда.

Іс-шара 6 мамыр күні Алматы қаласы, К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті қабырғасындағы пресс-конференциядан басталды. Пресс-конференцияға Университет ректоры Махметова А.М., Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығынан кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Құмар Жұмахан, Graduate School of Business директоры, экономист Мақсат Халық қатысты. Ол жерде қазіргі Қазақстан нарығындағы бизнес білімінің мүмкіндіктері, мәселелері жайлы сөз қозғалды.

Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығын атынан сөз алған  Сырымбек Тау: «Damu Business Group қазақ тілді жоғары білікті менеджерлерді дайындау мақсатында К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетіне жүгініп, мемлекеттік тілде бизнес білімді беруді қолға алуға қолдау көрсетіп отырмыз. Қазақстанда тұрып, осында табыс тауып жатқандықтан, өз ана тілімізде МВА бағдарламасын оқуға да мүмкіндік болуы қажет деп санадық», – деді.

К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті МВА бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келе жатқанына 24 жыл болды.

«UIB университеті МВА бағдарламасының бастапқыда Қазақстан нарығына кірген сәттен бастап осыл бағдарламамен жұмыс істеуде. Еліміздегі МВА бағдарламасы стандарттарын құрастыруға UIB университеті үлкен үлес қосты. Бізде МВА бағдарламасы 1998 жылдан бастап оқытылуда. Қазіргі таңда бірнеше халықаралық аккредитациялардан өткен бағдарламаларымыз бар», – деді К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) ректоры Махметова Анар.

Тегтер: