USD
USD
USD

Үй жануарлары міндетті түрде есепке алынбақ

3 жылдан үй жануарлары міндетті түрде есепке алынады

Үй жануарлары міндетті түрде есепке алынбақ
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Сонымен жаңа Заңмен барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға және осындай насихаттың кез келген нысандарына тыйым салу енгізілді. Жануарлардың иелеріне күтіп ұстау, есепке алу, тасымалдау, өсіру жөніндегі міндеттер белгіленді. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жануар иесінің есебінен есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, үй жануарларын міндетті есепке алу бекітілді. Бұл ретте үй жануарларының иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жағдайда, есепке алуды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Ал қаңғыбас үй жануарларын вакцинациялау мен стерильдеуді жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан жасалады. Жергілікті атқарушы органдарға жануарларға арналған жеке панажайларды қоса қаржыландыру құқығы ұсынылады. Жануарларды жансыздандыруға олардың азап шегуін тоқтату және халықтың өмірі мен денсаулығына төнген қатерді жою мақсатында ғана жол беріледі.

Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шараларға қатысу үшін жануарларды пайдалану дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Заңда Зооқорғаушылардың жылжымалы хайуанаттар бағы, контактілі зоопарк, жылжымалы океанариумдар, дельфинарийлер мен жануарлардың жылжымалы көрмелерін құруға және олардың қызметіне тыйым салу туралы ұсыныстары да ескерілді. Бұл норма аталған ұйымдардың меншік иелеріне бизнесті тарату немесе қайта ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін уақыт беру мақсатында кейінге қалдырылады. Атап айтқанда осы тыйым салулар 2025 жылдан бастап, ал дельфинарийлер үшін 2029 жылдан бастап қолданысқа енізіледі.

 

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.