USD
USD
USD

Үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынуда

Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды. 

Үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 24 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

СOVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижелі алматылықтар қоғамдық орындарға, Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға барған.

Атап айтқанда, ХҚКО, мейрамхана, фитнес орталық, әуежай, кинотеатр, компьютер клубы, мектеп, балабақша, мектеп интернат, боулинг, авто орталық, қонақ үйлер, сұлулық салоны және тағы басқа нысандардың қызметін пайдалануға тырысқан.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді. Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторияда ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.

PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Докторанттар

«Қазақмысқа» жаңа топ-менеджер келді

Қазақмыс