2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Үй карантинін бұзған 15 адам қамалды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап үй карантинін бұзғаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй карантинін бұзған 15 адам қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Үй карантинін бұзған 15 адам қамауға алынды, 9 тұрғынға айыппұл салынды, 9 ескерту жасалды, сондай-ақ 12 материал өндірісте. Облыс орталығындағы үй карантиніндегі тұлғалардың карантин режимін бұзу саны да артты. Мұндай фактілер қатаң түрде жолы кесіледі, өйткені көптеген адамдардың денсаулығы карантин режимін сақтауға байланысты. СЭС, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және полиция карантинге жабылған үйлердің тұрғындарымен түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Үй карантиніндегі тұлғаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының тұрғыны үй карантиніне орналастырылған тұрғынның тұрғылықты жері бойынша болмағанын анықтады. Үй карантинін бұзғаны үшін 32 жастағы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған әкімшілік сот 10 АЕК-ке әкімшілік айыппұл салды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті карантинді сақтау талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер адамның басқа адамға жұқтыру көзі болғаны анықталса, онда қолданыстағы заңнамада бұл үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
 

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур