USD
USD
USD

Үй алып беремін деп алдаған қызылордалық әйел ұсталды

Үй алып беремін деп алдаған қызылордалық әйел құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй алып беремін деп алдаған қызылордалық әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 қыркүйек күні алаяқтың құрбаны болған 31 жастағы облыс тұрғыны Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Осы жылдың наурыз айында оған бір азаматша кезектен тыс үй алып беремін деп жұмыс ақысы үшін 2,4 млн теңге ақшасын алған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған әйел телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген мәселесі шешімін таппағандықтан, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі