Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Уханға келген ДДҰ сарапшысы вирустың қалай таралғанын болжады

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының мүшесі дәрігер Питер Дасзак COVID-19 пандемиясы қалай өрбіген болуы мүмкін екенін болжады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Уханға келген ДДҰ сарапшысы вирустың қалай таралғанын болжады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маманның сөзінше, «вирустың таралу жолына назар аудару қажет». Дасзак The New York Times-қа берген сұхбатында инфекция жарқанаттар мен жабайы жануарлар арқылы фермаға түсіп, оны қызметкерлер не күзен, борсық, жанат тәрізді ит жұқтырған болуы мүмкін. Артынша вирус Ухандағы базарға түскен кезде тарай бастаған. 

Сонымен қатар, ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан кей адам ұйым өкілдерімен кездесуден бас тартқан.  

Бүгінде ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда коронавирус қалай тарай бастағанын анықтау мақсатымен жүр. Мамандар 14 қаңтарда Уханға келгеннен кейін 14 күн карантинде жатып, 29 қаңтарда жұмысқа кіріскен.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті