USD
USD
USD

Ухань қаласының басшысы халықтан кешірім сұрады

Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасына сұхбат берген Ухань қаласының әкімі Чжоу Сянванг «Вирустың таралуына байланысты халықтан кешірім сұрап, қызметінен кетуге дайын екенін» мәлімдеді.

Ухань қаласының басшысы халықтан кешірім сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Студияға көк хирургиялық бетперде тағып келген әкім 11 миллионнан астам тұрғыны бар қаланы толығымен жауып тастау туралы шешімнің тым қатал екенін мойындады. Мұндай жағдай адамзат тарихында ешқашан болмағанын айтып, бұл шешім абыройсыз болса да вирустың таралуын тоқтату үшін осындай қадамға амалсыз барғандарын мәлімдеген. Қала әкімі сонымен бірге Ухань қаласының қашанға дейін жабық болатынын білмейтінін жеткізді.

«Біз бақылауда жатқан және үйінде карантинде отырған науқастарға тегін тамақ, медициналық көмек беріп жатырмыз. Дәрігерлерді аурухана маңындағы қонақүйлерге жатқыздық, олардың ақшасын қала өз қалтасынан төлейді», – дейді Чжоу

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот