USD
USD
USD

UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы қыздың жекпе-жегін қайдан көруге болады

UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетеді. Жекпе-жекті ертең, 14 маусымда тікелей эфирде тамашалауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы қыздың жекпе-жегін қайдан көруге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жексенбі күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 10 турнирі өтеді. Онда бірнеше айқас көрсетіледі. Алаңға шығатын спортшылар арасында қазақстандық спортшы Мария Агапова да бар.

Оның қарсыласы - америкалық Ханна Сайферс. UFC on ESPN 10 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:00 кезінде басталады.

Оны мына сілтеме арқылы тамашалауға мүмкіндік бар.

Алдын ала болжам бойынша, Мария Агапованың жекпе-жегі таңғы 07:00 шамасында болады.

Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз.

23 жастағы спортшы Мария Агапова әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.  

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова