USD
USD
USD

UFC үш спортшысын ұйымнан қуып жіберді

UFC үш спортшыны ұйымнан қуып жіберді, деп жазады vRINGe.com порталы. Оның екеуі соңғы UFC 278 турнирінде өнер көрсеткен, деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC үш спортшысын ұйымнан қуып жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Танымал промоушеннен қуылғандардың біріншісі - жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Гарри Хансакер (7-6). Ол соңғы кездесуінде Тайсон Педродан (9-3) жеңіліп қалды. Содан кейін UFC ұйымындағы рекорды 0-3 болды. 

UFC-ден қуылған екінші файтер - қытайлық Янань Ву (13-6). Жеңіл салмақта өнер көрсететін бұл ару соңғы жекпе-жегінде чехиялық Люси Пудиловадан (14-7) техникалық нокаутпен ұтылды. Янань үшін бұл UFC-дегі алтыншы айқас болды. Қытайлық оның бесеуінде жеңілді. 

Үшінші қуылған файтер - Клаудио Силва (14-4). Ол 23 шілде күні Лондон қаласында UFC Fight Night 208 турнирінде өнер көрсетіп, Николас Дэлбиден (20-4-1-2) жеңілді. Бұл оның қатарынан үшінші жеңілісі болды. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар