USD
USD
USD

UFC президенті: МакГрегордың жағдайы әлі оңалмады

UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық файтер Конор МакГрегордың аяғы бұрыннан ауыратынын айтты.

 UFC президенті: МакГрегордың жағдайы әлі оңалмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде спортшы созылмалы артритпен ауырған. Уайт Дастин Порьемен UFC 264-те жекпе-жек алдында МакГрегор аяғын байлауға рұқсат сұрағанын айтты. Алайда соңғы сәтте ол қажет емес деп ұйғарған.

Сонымен қатар, ол спортшының қалпына келу кезеңіне бір жыл кететінін айтты.

Бұған дейін МакГрегор Twitter-де жаттығу кезіндегі суреттерін жариялаған болатын. Онда файтердің сол аяғы байланғанын көруге болады. "Жекпе-жекті ұнататындар 13 секундқа да шыдамас еді", - деп жазды спортшы жазба сипаттамасында.

Еске салайық, Конор Макгрегор Дастин Порьеден кейінгі кездесуінде де жеңіліп қалды. Жекпе-жекті дәрігер тоқтатты. Себебі МакГрегор бірінші раунда аяғын сындырып алғаны хабарланған еді. Дәрігерлер Конор жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтып, жеңіс техникалық нокаутпен Порьеге берілді.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы