UFC Шавкат Рахмоновты титулдық жекпе-жектен шеттетті

Алматы, NEGE. Айқас 15 маусым күні таңертең АҚШ-тың Атланта қаласында өтетін UFC on ESPN 69 турнирінде өтеді.
15 маусым күні Атлантада өтетін UFC on ESPN 69 турнирінде Камару Усман мен Хоакин Бакли арасындағы жекпе-жекке қатысты ұйымның экс-чемпионы Даниэль Кормье пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл кездесу Усман үшін шешуші сәт болмақ.
Меніңше, бұл өте жақсы айқас және ол Камару Усманның әлі де неге қауқарлы екенін көрсетеді. Баклиді жеңу Усманға жаңа серпін беруі мүмкін. Усман әлі де дивизиондағы ең танымал есім. Егер ол жеңсе, ашық айтып талап қоя алады: 'Белал Мухаммед, Джек Делла Маддалена, маған мүмкіндік беріңдер!' Әсіресе, егер Шавкат Рахмонов жарақатынан айықпаған болса – онда олар міндетті түрде оны естиді. Бұл Усман үшін соңғы мүмкіндік деуге болады, – деді Кормье Чейл Сонненмен бірге жүргізетін Good Guy/Bad Guy шоуында.
Хоакин Бакли соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында UFC on ESPN 63 турнирінде Колби Ковингтонға қарсы өткізді. Ол техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде – 6 жеңіліс бар.
Камару Усман болса, октагонға соңғы рет 2023 жылдың қазанында шыққан. UFC 294 турнирінде ол Хамзат Чимаевпен толық үш раундтық айқас өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді. Усманның рекорды – 20 жеңіс, 4 жеңіліс.