USD
USD
USD

UEFA: «Қайраттың» топтық кезеңдегі қарсыластары кім?

Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Конференция лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

UEFA: «Қайраттың» топтық кезеңдегі қарсыластары кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қайрат» Н тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Базель» (Швейцария), «Карабах» (Әзербайжан), «Омония» (Кипр).

Жарыстың аталған сатысында барлығы 32 команда сынға түседі. Олар төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.

Айта кетейік, «Қайрат» алдымен Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби Хайфа» клубынан (1:1, 2:0) басым түсті.

Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» клубына (2:1, 0:5) жол беріп қойды. Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Қайрат» Арменияның «Алашкертіне» (0:0, 2:3) есе жіберді.

Ал Конференция лигасы плей-офф сатысында Люксембергтің «Фоласын» (3;1, 4:1) орта жолда қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау