USD
USD
USD

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды  

 Швейцарияның Женева қаласында UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеребе тарту рәсімінде 32 команда сегіз топқа бөлінді. Командалар алдын ала төрт себетке топтасты. Әрбір топта сынға түсетін клубтар сол арқылы анықталды. Командалар топтарға төмендегіше бөлінді. А тобы: «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Ред Булл Зальцбург» (Аустрия), «Локомотив» (Мәскеу, Ресей); В тобы: «Реал» (Мадрид, Испания), «Шахтер» (Донецк, Украина), «Интер» (Милан), «Боруссия» (Менхенгладбах, Германия) С тобы: «Порту» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Марсель» (Франция); D тобы: «Ливерпуль» (Англия),«Аякс» (Амстердам, Нидерланды), «Аталанта» (Бергамо, Италия), «Митьюлланд» (Дания);

Е тобы: «Севилья» (Испания), «Челси» (Англия), «Краснодар» (Ресей), «Ренн» (Франция); F тобы: «Зенит» (Ресей), «Боруссия» (Дортмунд. Германия), «Лацио» (Италия), «Брюгге» (Бельгия); G тобы: «Ювентус» (Италия), «Барселона» (Испания), «Динамо» (Киев, Украина), «Ференцварош» (Венгрия); Н тобы: ПСЖ (Франция), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Истанбул Башакшехир» (Түркия); Айта кетелік, топтық кезең ойындары 20 қазанда басталып, 9 желтоқсанда мәресіне жетеді. Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында өткізіледі. Биыл Чемпиондар лигасында «Бавария» алтыншы мәрте жеңімпаз атанды.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова

Еңбек нарығына жүргізілген аудит кезінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Аудит қорытындысына коллаж