USD
USD
USD

UEFA атқару комитетінің отырысы 17 маусымға ауыстырылды

UEFA атқару комитетінің отырысы 27 мамырдан 17 маусымға ауыстырылды, деп хабарлайды ұйымның сайты.

UEFA атқару комитетінің отырысы 17 маусымға ауыстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Отырыс барысында 2020 жылдан 2021 жылға ауыстырылған Еуропа біріншілігін өткізу мәселесі талқыланады. Құрлықтық дода 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізілуі жоспарланған. Дегенмен қазір кейбір стадионның дайын еместігі анықталған. Сондықтан алдағы отырыста бұл мәселе жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ, отырыс барысында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының кейінге шегерілген ойындарын қайта жалғастыру жағдайы таразыға тартылады. Бұдан бұрын футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілді. 

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп