USD
USD
USD

УЕФА Анарбековті ең мықты 20 ойыншының қатарына қосты

УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үздік ойыншыны анықтауға кірісіп кетті.

"Қайрат"
Фото: instagram./anarbekov_temirlan77

Астана, NEGE. Ұйымның жанкүйерлерге ұсынған тізімінде «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің де есімі аталған.

Атаққа үміткерлер қатарында Анарбековтен бөлек «Реалдан» Килиан Мбаппе, «Манчестер Ситиден» Эрлинг Холанд, «Бавариядан» Харри Кейн, «Барселонадан» Фермин Лопез сынды ойыншылар бар.

Айта кетейік, «Қайраттың» 22 жастағы қақпашысы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түскен еді. Ол кезде қақпашы «Селтиктің» пенальти сериясында үш соққыны қайтарды.

Сондай-ақ Анарбеков Чемпиондар лигасында матчтың үздік ойыншысы атанған алғашқы қазақстандық футболшы болды. «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойында ол жоғары шеберлік көрсетіп, матчтың үздік ойыншысы атанды.

Ал күні кеше Темірлан Анарбековтің «Қайратпен» келісімшартты ұзартқаны мәлім болды. Келісімшарт 2028 жылға дейін жасалған.

Қазір оқып жатыр

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық