Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҰБТ-ның үшінші күні 38 талапкердің қызуы көтерілді

 23 маусымда республика бойынша 11 247 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 251-і аудиториядан шығарылды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

ҰБТ-ның үшінші күні 38 талапкердің қызуы көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 11 247 талапкер қатысқан. Оның 2,2 пайызы немесе 251-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 38 талапкердің немесе 0,3 пайызының дене қызуы көтерілген. Нәтижесінде 11 мыңнан астам баланың 7 643-і немесе 68 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 12 талапкер (0,1%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», - дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.

Қазір оқып жатыр

Тойда «уағыз» айтқан Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды

тойдағы уағыз

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық

Қазақстанға Иран жақтан аптап ыстықтың кезекті толқыны келе жатыр

ауа райы болжамы

Қостанайда қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті

Қыщылша