USD
USD
USD

ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді

Келесі оқу жылынан бастап ІТ саласындағы мамандықтарды меңгергісі талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.

ҰБТ-ға жаңа пән енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҒМ баспасөз қызметі министрлікке жоғары оқу орындарында IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер тізіміне "Информатика" пәнін енгізу жайлы көптеген өтініш келіп түсетінін атап өтті.

"Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика» комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады", - деп мәлімдеді ведомство.

2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық