USD
USD
USD

ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізіледі

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев инстаграм парақшасында ҰБТ-ға енгізілетін өзгерістер туралы жазды. 

 ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жолы "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізілген. Ол Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын ҰБТ сұрақтарының сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында көптеген жұмыс атқарып жатқанын тілге тиек етті. 

«Биыл да түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, «Қазақстан тарихы» және «Оқу сауаттылығы» пәндері бойынша өзгерістер енгізілді. Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). «Оқу сауаттылығы» тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі», - деп жазды Емелбаев. 

Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымына өзгерістер енгізуді жөн санаған. 

Нәтижесінде мынадай шешім қабылданыпты:
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады.

«Бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік беретініне сеніміміз мол», - деді Руслан Емелбаев. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті