USD
USD
USD

ҰБТ-да талапкерлердің жоғары балл алуына көмектескен күдіктілер ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттері прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) және педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізуге жауапты ұйымның жеке қызметкерлерінің тестілеу процесіне заңсыз араласу әрекетін анықтады.

ҰБТ-да талапкерлердің жоғары балл алуына көмектескен күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. Серверлік жабдыққа және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жетімдіктерін пайдаланып, күдіктілер арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы талапкерлер мен педагогтардың қызығушылық танытқан компьютерлеріне қашықтан қосылып, ақшалай сыйақы үшін оларға тесттен жоғары нәтижелер алуға жәрдем көрсеткен.

2023 жылғы 19 шілдеде 3 негізгі күдікті ұсталды. Тінту барысында қашықтан қосылуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен бағдарламалар, ақшалай қаражат және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу») және 210 баптары («Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін 6 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты