USD
USD
USD

ҰБТ-да ата-аналардың өтініштері ескерілді

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ата-аналардың өтініштері ескерілді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлім етті.

ҰБТ-да ата-аналардың өтініштері ескерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Білім және ғылым министрлігіне ата-аналардың атынан тиісті өтініштер келіп түскен болатын. Соны зерттеу барысында бізге тапсырма берілген еді. Осы орайда есептеуіш құралдарға (калькулятор) рұқсат беру мәселесін қарадық. Тест тапсырушылар өзімен бірге есептеуіш құралдарды әкеле алмайды. Бірақ, біз аудиторияларда әр орынға калькуляторды орналастырамыз», – деді Д. Смағұлов Орталық комуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол тестілеу уақыты ұзартылғанын жеткізді. «Ата-аналар мен тест тапсырушылардың сұрауы бойынша тестілеу уақыты тағы 10 минутқа ұзартылды, ҰБТ уақыты 4 сағат болады», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі жайында түсінік берді. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту