USD
USD
USD

ҰБТ-да 140 балл жинау қанша тұрады?

Белгілі заңгер Абзал Құспан Қазақстанда 1 млн теңгеге жалған куәлік істетіп, 2 млн-ға 140 балл алуға болатынын жеткізді. Бұл туралы адвокат "Qasqa Jol" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

ҰБТ-да 140 балл жинау қанша тұрады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Адвокаттың сөзінше, заңгер Тұрсынбек Қабатовтың қызының Ұлттық бірыңғай тестілеуге жалған құжатпен кіргені туралы елге жария еткен соң оған тестілеудегі түрлі заңсыздықтар туралы хаттар келе бастаған.

«Мен ҰБТ-та заңсыз жолмен жоғары балл алудың орташа бағасын біліп қойдым. 1,5 – 2 млн теңгең болса сіз 120-140 балл алып шығасыз. Кепілдігімен. Ал былай қарасаңыз сол ҰБТ болатын жерде Ұлттық қауіпсіздік қызметінен бастап барлық құқық қорғау органдары жүреді. Камералар орнатылған. Соның өзінде жолын табуға болады екен. Бұл республика бойынша қанат жайған мәселе »,- деді Абзал Құспан.

Адвокат сонымен бірге Қазақстанда жалған куәлік дайындау индустриясы қатты дамып кеткенін мәлімдеді.

«Жалған құжат әзірлеу өте оңай болып кетті. Қазір онымен айналысатын қылмыстық топтар белгілі болып жатыр. Менің естуімше, 1 млн теңгенің төңірегіндегі ақшаға жеке куәлік дайындата аласыз»,- деп айтты ол.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс