USD
USD
USD

ҰБТ: Тест нәтижесі бірден шығарылады

Тестілеу нәтижелері ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты.

ҰБТ: Тест нәтижесі бірден шығарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тағы бір артықшылығына тоқталсақ, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу нақты аяқталғаннан кейін бірден сол жерде қолжетімді болады. ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер апелляцияға сол күні, яғни 30 минут ішінде өтініш беруге құқылы», - деді Ә. Тойбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Білім министрлігінің мәліметінше, электронды ҰБТ нәтижелерін өңдеу барысында парақтағы ішінара боялған жауаптардың есептелмей қалуы сияқты техникалық қателердің болуы мүмкін емес.

Тестілеудің бұл форматында оқушылар жауап парағын толтыруға уақыт жұмсамай, бұл уақытты тест тапсырмаларын орындауға пайдалана алады. Компьютерлік тестілеудің тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті