USD
USD
USD

ҰБТ: Ереже бұзған 300-ге жуық талапкер тестілеуден шығарылды

75 мыңнан астам талапкер 51 тестілеу пунктінде ҰБТ тапсырды.

ҰБТ: Ереже бұзған 300-ге жуық талапкер тестілеуден шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның ішінде 52 512 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 19 622 – орыс тілінде, 182 – ағылшын тілінде тапсырды. 5 пән бойынша орташа балл 68,94 құрайды, ең жоғары балл – 138. «Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 87 түлек тестілеуге кіргізу кезінде аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысқаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан 287 адам шығарылып, олардың тестілеу нәтижесі жойылды», – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Тестілеуге кіргізу кезінде 8 түлектің дене қызуы көтеріліп, бұл түлектер ҰБТ-ны басқа күні бөлек тапсырады. Естеріңізге сала кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. 

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева