USD
USD
USD

ҰБТ: 160 түлек жазаланды

Биыл ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды.

ҰБТ: 160 түлек жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды.

«Алғашқы күннің қорытындысы бойынша: тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 73 және тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 87 талапкер, яғни 160 адам тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Олардың басым көпшілігі Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелген. 25 тамызға дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Егер сол кезде қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айрылады», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур

Мемлекет экс-әкіммен байланысты қоқыс полигонын қайтарып алды

Бағдат Қарасаев