USD
USD
USD

«ҰБТ тапсыруға көмектесемін»: Павлодарда 1 млн теңгені алаяқтықпен алған күдікті ұсталды

Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі