USD
USD
USD

ҰБТ-да смартфон мен шпаргалка алып өтпек болған 522 талапкер тесттен шеттетілген

2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде барлығы 890 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 522 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

ҰБТ
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 361 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған.

«Кейбір тестіленушілерден смарт-сағаттар, микроқұлаққаптар, смартфондар және басқа да тыйым салынған заттар табылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 7 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетіні,  ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылатыны ескертілген.

Жалпы негізгі ҰБТ-ны 233 мыңға жуық талапкер тапсырған. Оның ішінде талапкерлердің 73,1%-ы жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, ал 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылған. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырған.

Тестілеу қорытындысы бойынша, қатысушылардың 76%-ы, яғни 177 мыңға жуық талапкер шекті балл жинаған. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир және Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия (ҚАЗТЕСТ конвертациясы арқылы) жинаған. 821 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Тестілеуге ерекше білім беру қажеттіліктері бар 800 талапкер қатысты.

Сондай-ақ тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бірден апелляцияға электрондық форматта өтініш бере алатыны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор

Тоқаев Үкіметке әлеуметтік нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны іске асыруды тапсырды

Тоқаев, Бектенов

Қостанай облысында «Светофор» балалар лагерін ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылды

жазғы лагерь