ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған 10 мамырдан бергі алты аптаның ішінде 624 ереже бұзушылық анықталған.
Астана, NEGE. 385 талапкер смартфон, смарт көзілдіріктен, микро құлаққаптар мен шпаргалкаларды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 238 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған. Бейнежазбаларды тексерген соң ереже бұзған 1 адамның нәтижесі жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмаған.
Министрліктегілер ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін, тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылатынын атап өтті.
Мамырдың ортасында басталған негізгі ҰБТ, ведомство мәліметінше, 292 мың рет тапсырылған. Талапкерлердің 72%-ы сынақты қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 469 рет ағылшын тілінде тапсырған.
Әзірге ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 735 талапкер қатысқан.
Алтыншы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 балл болған. Ең жоғары нәтиже – 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинаған.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды