USD
USD
USD

Үбі өзенінде су көтерілді

Кеше кешкі сағат 20:35-те Үбі өзеніндегі мұз кептелісінен су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бородулиха ауданына қарасты Красный Яр ауылындағы өзенге жақын бір көшесін су басу қаупі туындаған еді, деп жазды egemen.kz.

А
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар, жедел құтқару жасағы мен полиция бөлімшелері бар жиыны 123 адам және 39 техника, оның ішінде 3 жүзу құралы ауылға шоғырландырылды. Қауіптің бетін қайтару жұмысы жүріліп жатыр.

Қамданған қапы қалмас деп кеше қауіпсіздік мақсатында ауылдағы өзен жағасына жақын көшенің 26 тұрғыны өз еріктерімен мектепке уақытша орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аулаларын су басуы мүмкін тұрғындардың малдарын басқа шаруа қожалықтарына жеткізді.

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін, таңертең ерте Бородулиха ауданына арнайы барды.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Манарбек Шапағатовпен бірге әуелі Үбі өзеніндегі су деңгейін тікұшақ арқылы әуеден бақылады. Содан кейін ауылға келіп, жедел штабтың жиынын өткізді.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орымбаев пен аудан әкімі Айдар Ибраев аймақ басшысына ахуалды баяндап берді. Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі өзен жағасына жақын 30 шақты үйдің ауласына су кірген.

Елді мекенде жедел штаб құрылған. Оған облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жетекшілік етеді. Үбі өзеніндегі мұз кептелісін жойып, су арнасын толық ашу үшін мұз жару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Ауылдағы басқа аулаларға судың кіруіне жол бермес үшін тиісті шара қолданылды.

«Красный Яр - аудандағы жыл сайын су басу қаупі төнетін ауылдардың бірі. Елді мекендегі жағдайды кешеден бері жеке бақылауымда ұстап отырмын. Аудан әкімі мен тиісті құрылымдарға тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізуді, жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырамын. Мұз жару жұмысын кешке дейін аяқтау қажет», деді аймақ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі