USD
USD
USD

Уақытылы игерілмеген 83 млрд теңге Ұлттық қорға қайтарылмаған – Әлихан Смайылов

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Сенатта 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі негізгі қорытындыларды таныстырды.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Палата басшысы өз есебінде Ұлттық қор қаражаты тиісті бағытта жұмсалмай отырғанын сынға алды. Айтуынша, Ұлттық қор қаражаты стратегиялық әрі ұлттық маңызы бар міндеттерге бағытталудың орнына, жергілікті деңгейдегі жобаларды қаржыландыруға – көшелер мен саябақтарды абаттандыруға, ауылдық клубтар салуға, көшелерге жарық орнатуға бағытталған.

Нәтижесінде бюджетті атқару барысында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 132 жоба қаржыландыру тізімінен алынып тасталған немесе басқа жобалармен ауыстырылған.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, игерілмей қалған шамамен 83 млрд теңге Ұлттық қорға уақытылы қайтарылмаған.

«Ұлттық қор қаражатын қайтару маңызды мәселе болып отыр. Бөлінген қаражаттың барлығы бірдей уақытылы игерілмеген. Сондықтан оны Ұлттық қорға қайтару қажет еді. Алайда бұл талап іс жүзінде үнемі орындала бермейді. Шамамен 83 млрд теңге қайтарылмаған», – деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Оның айтуынша, жаңа Бюджет кодексі қабылданғаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі кеңейгенімен, бюджеттік үдерісті цифрландыру, болжам жасаудың сапасы және қаражатты тиімді пайдалану мәселелері әлі де шешімін таппай келеді.

Мысалы, республикалық бюджет пен Ұлттық қор қаражаты әлі толық цифрлық бақылауға алынбаған. 

Қазір оқып жатыр

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.