USD
USD
USD

Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге жұмсалады

Уақыт белдеуінің өзгеруінің қазақстандықтардың денсаулығына әсерін зерттеуге 160 миллион теңге жұмсалуы мүмкін. 

уақыт
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мәжіліс алаңында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

«Үш жылдық зерттеуге өтінім келіп түсті. Бюджеті – 160 млн теңге. Ал шын жағдайда 90-100 млн теңге кететін шығар деп ойлаймын. Өйткені біз конкурс жариялаймыз. Кеше жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті. Ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайды», - деді министр. 

Ол қоғамдық сұранысқа байланысты қосымша зерттеулер жүргізуге шешім қабылданғанын айтты. Зерттеуге география, зоология институттары қатысады.

Әзірге зерттеудің алгоритмі мен егжей-тегжейі белгісіз. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы

Қазақстандық бортсерік қыз Кувейтте жансақтау бөліміне түсті: экипаж жапон энцефалитін жұқтырған болуы мүмкін

уланған қыз

Mercedes-Benz-тің Германиядағы зауыттары жабылуы мүмкін

Mercedes-Benz

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер