USD
USD
USD

Уайлдер – Ортис: Кім қанша соққы жұмсады?

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында аса ауыр салмақтағы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер жетінші раундта Луис Ортисті нокаутқа түсірді.

 Уайлдер – Ортис: Кім қанша соққы жұмсады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кубалық боксшы Луис Ортис алты раунд бойы барын салды. Тіпті алтыншы рауында оң қолының жұдырығы Уайлдердің жағына дәл тиіп, уатып жібергендей көрінген. Алайда Ортис үшін сәттілік осымен аяқталды. Ауыр нокаутқа түскеніне қарамастан, қырық жастағы Ортис баспасөз мәслихатына келіп, былай деді: «Бұл – бокс. Екеуіміздің біріміз құлауымыз керек еді. Қатты өкініп тұрмын. Зейнетке шығу туралы әлі ойламаймын. Енді бар ашуымды ауыр салмақтағы басқа боксшыға төгемін».

Бүгін түс ауа CompuBox екі боксшы жұмсаған соққыларының статистикасын жариялады. Жеті раундта Уайлдер 184 соққы жасап, оның 37-сін дәл тигізген. Ал Ортистің 179 соққысының 35-і нысанасын тапқан.

Джеб бойынша Уайлдер дәлірек қимылдапты. Оның 130 соққысының 77-сі тура тисе, Ортистің көрсеткіші – 102-54. Ауыр соққылар жөнінен Ортис алда тұрғанымен, жалпы есепте Уайлдер бәрібір озық.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.