Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Уахабист емеспін»: Бекболат Тілеухан діни ұстанымына қатысты жауап берді

Қаңтар оқиғасынан кейін көрінбей кеткен бұрынғы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өзінің діни ұстанымына қатысты пікір білдірді.

экс-депутат
Фото: Қазақ үні

Астана, NEGE. Сұхбат барысында Аман Тасыған түсірілім басталар алдында намаз оқып жатқан сәтте Тілеуханның қолын кіндік тұсынан жоғары ұстап тұрғанын байқағанын айтып, осыған байланысты сұрақ қойған.

Алайда экс-депутат бұл сауалға эмоциямен жауап беріп, өзінің бұрыннан бері Ханафи мәзһабын ұстанатынын жеткізді.

«Ақ-қарасын білейін деп отырған жоқсың. Сен менің Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатынымды, намазды ешқашан арабтар сияқты ерекше оқымайтынымды білесің. Қазір қаралым үшін мені құрбандыққа шалып отырсың. Мен уахабист емеспін. Мен Әбу Ханифа мәзһабын ұстаймын. Қолымды көтермеймін де, шалқайтпаймын да, ел сияқты оқимын», – деді Бекболат Тілеухан.

Осыдан кейін журналист бұл үзіндіні қажет болса, сұхбаттан алып тастай алатынын айтты. Алайда Тілеухан, керісінше, дәл осы бөлікті жариялауды сұрады.

«Дәл осы жерін қимай шығарыңдар», – деді ол.

Осылайша, бұрынғы депутат соңғы бірнеше жылда әлеуметтік желіде айтылып жүрген діни ұстанымына қатысты күмәндарға алғаш рет ашық жауап берді. 

Қазір оқып жатыр

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

тариф

Тойдағы тілек қандай болуы керек? Этнограф дәстүрдің мәнін түсіндірді

Тойдағы уағыз

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы қай саланың мамандарына ұсынылады?

Ақша

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі