USD
USD
USD

ТЖМ Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушы иттерді таныстырды (видео)

Қазақстандық иттер іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде Түркияда тамаша нәтижелер көрсетті, деп хабарлады ТЖМ. 

ТЖМ Түркияға аттанған қазақстандық құтқарушы иттерді таныстырды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның құтқарушылар сапында Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель малинуа атты бельгиялық төбеттер, Чарли Кинг лабрадоры, Мирта неміс төбеті, Гринпис атты Бордер Колли бар. 

Оларды әдетте «ТЖМ иттері», «құтқарушы иттер» деп атайды. Төтенше жағдайға қарсы иттің негізгі «қаруы» - олардың мұрны мен иіс сезімі. Жақсы иіс сезу қабілетінің арқасында ит өз иесін адам болуы мүмкін үйіндіге апарады немесе құтқарушылар тобына адасқандарды табуға көмектеседі.

Егер зардап шеккен адам табылса, ит құтқарушы-кинолог жақындағанға дейін үріп тірі адамды тапқандығы туралы сигнал береді.

Бүгінгі таңда ТЖМ қатарында 54 аттестатталған ит құтқару операцияларына белсенді түрде қатысады, тағы 20-дан астамы толыққанды сертификатталған құтқарушы болуға дайындалуда.

ТЖМ кинологиялық есептоптарында әр түрлі тұқымды иттер қызмет етеді: лабрадор-ретриверлері, неміс төбеттері, малинуа бельгиялық төбеттері, голден ретриверлер, бордер-колли, спаниельдер, басерондар, тікірейген жүнді ретриверлер.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар